Қазақстан Еуропа мен ТМД елдеріне бензин экспорттайтын болды
ТМД мен Еуропаға бензин экспорттаймыз. Бұл жайында Энергетика министрі хабарлады. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, отандық жанармай келер аптадан бастап шетел асуы мүмкін.
Автор: Әсел Тұмашқызы
21.06.2019
Еуропа елдері және Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше Беларусь, Қырғызстан біздің бензинге көз тігіп отыр. Әсіресе, Атырау мұнай өңдеу зауытының өнімі сұранысқа ие. Қазірдің өзінде бірнеше мемлекетпен келіссөздер жүргізілуде. Әзірге Қазақстанның қара алтынын сатып алуға Еуропаның қай мемлекеті екені белгісіз. Десек те тараптар ортақ шешімге келсе бірер күннің ішінде бензиннің алғашқы партиясы жөнелтіледі. Алдымен, АИ-92-нің 70 мың тоннасы, ал АИ-95-тің 15 мың тоннасы экспортталуға дайын тұр.
Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі:
- Шетелге экспорттаған әлдеқайда тиімді. Ал, мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан артылғанын шетелге сата береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!