{metadescription}
ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні 3,5 мың түлек сынақтан сүрінді
ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні 3,5 мың түлек сынақтан сүрінді

ҰБТ-2019: Тестілеудің алғашқы күні 3,5 мың түлек сынақтан сүрінді

ҰБТ-ның алғашқы күні тест тапсырған түлектердің төрттен бірі сынақтан сүрінді. Университетке оқуға түсуге қажетті балды жинай алмағандар енді тамыз айында ақылы түрде емтиханды қайта тапсыра алады.

Оның құны 2.242 теңге. Жалпы кеше 13 мың мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды. Оның 9 мыңнан астамы 50 балдан жоғары алған. Ал, үш жарым мыңы межеден аса алмады. Әзірге ең жоғарғы балл 137. Бірақ, оны кім және қай өңірдің түлегі алғаны айтылмай отыр. Өйткені, Білім министрлігі биыл ҰБТ-ның реитингін жасауға тыйым салған екен. Өйткені, көрсеткішті жақсартуға тырысатын мектеп пен облыс әкімдіктері емтиханның әділ өтуіне кедергі жасайтын көрінеді. Айта кетейік, 5-шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 117 мың түлек тест тапсырады. Оның басым бөлігі емтиханды қазақ тілінде тапсыруды қалапты.

Әділет Тойбаев, Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:

Ұлттық біріңғай тестілеу тапсыруға өтініш бергендердің 75 пайызы қазақ тілінде өтініш берді, 25 пайыздай орыс тілінде. Және біздің гранттар көлемін де біз тура солай бөлдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде