Алтын өндіретін руда тастарын Қытайға заңсыз тасығандар 10 жылға дейін сотталды
Алтын өндіретін руда кенін контрабандалық жолмен Қытайға тасыған 12 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелеріне жаза кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды былтыр ұстаған еді. Олар Ақмола облысындағы кен орнынан ай сайын жүз тоннаға жуық руда тастарын көрші елге сатып отырған. Оларда тіпті тастарды өңдейтін зертханасы да болыпты.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.06.2019
Диас Махамбетов, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:
- Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері құны 430 миллион теңге жететін құрамында алтыны бар руданы Қытайға жөнелткен. Олардың әрекеттері 2017 жылдың соңы мен 2018 жылдың басында тоқтатылды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Данияр Жаңбырбаев 10 жылға, қалған 11 мүшесі әр түрлі жылға бас бостандығынан айрылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!