{metadescription}
Шекара қызметі академиясының түлектері оқу бітіргендеріне 30 жыл толуын атап өтті
Шекара қызметі академиясының түлектері оқу бітіргендеріне 30 жыл толуын атап өтті

Шекара қызметі академиясының түлектері оқу бітіргендеріне 30 жыл толуын атап өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының түлектері оқу бітіргендеріне 30 жыл толуын атап өтті. Салтанатты шараға ТМД елдерінен 40-тан астам шәкірттер жиналыпты. Оның ішінде Украина, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстаннан келгендері де бар.

Әр жылдары оқу орнының аты өзгергенімен, басты міндет - ел шебіне, мемлекеттік шекараны көзінің қарашығындай күзете білетін білімді мамандар даярлау болып табылады. Бүгінгі түлектер кешіне жиналғандар - осы оқу ордасының бір кездегі студенттері. Олар 30 жыл бұрынғы академия қабырғасындағы күндерін сағынышпен еске алды. Қатарда сап түзеп, жеке әнұрандарын шырқауды да ұмытпады. Сондай-ақ, еліміздің егемендігіне үлес қосқандары академия атынан арнайы медальдармен марапатталып, кейінгі буынға өз сыйлықтарын табыстады. Салтанатты рәсім патриоттық концертпен аяқталды.

Сергей Иванов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының түлегі:

- Бұндай үлкен көлемді бітіру кеші бұған дейін болған емес. 30 жыл бұрыңғы өміріміз қайтып келмесе де, студенттік шағымызды сезініп көргіміз келді. Ән орындалып біткеннен кейінгі тиын лақтыруымыз дәстүр бойынша оқуды аяқтадық деген мағынаны білдіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде