Жаңаөзенде батут бизнесімен заңсыз айналысатындарға тоқтау болмай тұр
Кәсіпкерлер жергілікті биліктің талабын пысқырар емес. Соңғы 2-3 күнде әкімдік ғимаратының тұсында үлкен батут орнатып, қауіпсіздік ережесін сақтамай отыр. Қазір елімізде балалар аттракциондарының жұмысын реттеуге қатысты ереже әзірленуде. 1 шілдеге дейін ешбір батутты іске қосуға рұқсат жоқ.
Автор: Әсем Қабылбек
24.06.2019
Жаз шықса балаларға қызықты демалыс ұйымдастыру әр ата-ананың арманы. Алайда көбі қауіпсіздікті ескере бермейді. Жаңаөзенде 25 мамырдан бері кәсіпкерлерге батут орнатуға тыйым салынған. Оған Қарағандыдағы қайғылы жағдай себеп. Ол кезде аттракцион желдің екпінімен әуеге көтеріліп, қасында тұрған жасөспірім мерт болған еді. Жаңаөзенде де жел батутты ұшырғанын ел ұмытқан жоқ. Алайда, ол сабақ болмаған тәрізді.
- Міне адамдардың бәрі осы жерде тұр. Батутпен адамдар ұшып жатыр.
Ережені ескермеген кәсіпкердің жұмысын әкімдіктегілер қайта тоқтатқан. Қазір еліміздегі барлық батуттар жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.
Жібек Бекова, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- 16-17-19 маусым күндері біздің қалада батутты жеке кәсіпкерлер құрған. Бірақ сол бойда қайтадан ішкі істер басқармасының, кәсіпкерлік бөлімінің тарапынан ескерту жасалып қайтадан құрылған жерінен сендірілді.
Көл-көсір табыстан қағылғысы келмегендердің айласы көп. Орталық саябақта күн, түн демей, ешкімді елеместен батутты орнатып қызмет көрсетуде. Мұның бәрі бейнебақылауға да түскен. Түсірілім тобы кәсіпкерге барған сәтте қарсыласып, барлығын теріске шығарды. Желі шыққан батуттар жерде жатыр. Дегенмен тұрғындардың ұялы телефонға түсірген видеолары басты дәлел. Тығылып батутты іске қосқан сәттерді мына кадрлардан анық көруге болады.
Рүстем Ұзақов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
- Көп жағдайларда мына дұрыс құрмағандықтан балалар жарақат алып жатыр. Сөйтіп желге ұшып кетіп жатыр.
Жалпы Маңғыстау облысында батуттарда орын алған қайғылы жайттар аз емес. Сегіз жыл бұрын Мұнайшы ауылында аттракцион аударылып 14 бала зардап шегіп, 8 жастағы қыз бала мерт болды. Соған қарамастан жаңаөзендіктер арасында батутқа сұраныс жоғары. Ал, батутты сатып алған кәсіпкердің жауабы мынау.
Жібек Бекова, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- «Біз кредит алдық. Кредитке сатып алдық. Сондықтан біз ай сайын кредит төлейміз. Мен де, жолдасым да жұмыс жасамайды. 6 баламыз бар. Сондықтан сіздердің айтқандарыңызға қарамай біз тіктік.
1 шілдеден бастап елімізде балалар аттракциондарының жұмысын реттейтін ұлттық стандарт қолданысқа енбек. Жаңа ережеге сәйкес, желдің жылдамдығы секундына 10 метрден асса, дереу жұмысын тоқтатуы қажет. Осылайша батутты бизнеске айналдырғандарға қатысты талап күшейеді. Ең бастысы - қызмет көрсету үшін жеке кәсіпкер арнайы оқудан өтіп сертификат алуы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!