{metadescription}
Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасын тазарту жұмыстары уақытша тоқтатылды
Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасын тазарту жұмыстары уақытша тоқтатылды

Ақтөбеде сегіз өзеннің арнасын тазарту жұмыстары уақытша тоқтатылды

Тасқынның алдын алуға арналған бұл жобаның арты дауға ұласқан болатын. Тұрғындар наразылығынан соң президент Тоқтаев су жаңа экология министріне тапсырма беріп осында жұмсаған. Енді Мағзұм Мырзағалиев бастаған комиссия екі апта бойы сегіз өзеннің мәселесімен айналысатын болады. 

Жаңадан құрылған экология министрлігін қолына алғалы Мағзұм Мырзағалиевтің бұл аймаққа алғашқы сапары. Онда да президент Қасым-Жомарт Тоқаев дереу Ақтөбеге баруды бұйырыпты. Мұнда тазарту жұмыстары басталғалы сегіз өзеннің суы тартылып, табаны кепкен. Министрді күтіп алуға келген ақтөбеліктер көп болды. Қол жинап, арызын арқалағандар оны ортаға алды.

Екі жыл бұрынғы су тасқынынан соң қаладағы барлық өзендерді тазарту шешілген. Ол үшін қазынадан жеті милииардқа жуық ақша бөлінді. Алдымен табаны мен өзен жағасындағы ағаштар қырқылып, арнасын кеңейтуге кірісті. Бірақ экологтар ешқандай оны зерттеу жүргізбей, науқаншыл жобаға балап отыр.

Петр Котик, эколог:

- Бұл барып тұрған қылмыс. Ақшаны босқа желге шашу. Тазарту жұмыстарына қажет технология қолданылмаған. Өзен табанындағы бұлақ көздерін бітеп жатыр. Ертең ауыз суға зар боламыз.  

Сегіз өзенді аралап шыққан министр тазарту жұмыстарын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады. Өзімен ерте келген комиссия мүшелері ақтөбелік мамандармен бірге жобаны қайта тексермекші.

Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Ең бастысы жұмыс тобы құрылып, бір нақты шешімге келу үшін бір-екі аптадай керек. Біз арнайы топ құруымыз керек. Оған жергілікті азаматтар кірсін. Осында біз бірнеше  белсенділермен кездестік.

Экологтар су тасқынын болдырмау үшін қолға алыған бұл жобаның түкке керегі жоғын айтады. Қыруар қаржы жұмсамай, өзен бойындағы қалдықты уақытылы тазартып отырса жарайды дейді. Себебі, шөлейітті аймақта орналасқан  Ақтөбеде онсыз да жауын аз. Соңғы 25 жылда тасқын бір-ақ рет болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.