Жәрдемақы тағайындауды майшелпекке айналдырғандар жауапқа тартылады
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыспен қамту орталығының мамандарына осылай деп ескерту жасады.
Автор: Досжан Маратұлы
24.06.2019
Бердібек Сапарбаев ондағылар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін аз қамтылған отбасыларға қағазбастылықты көбейтіп, ақша дәметеді деген күдігі бар. Мұндай қызметкерлердің жауапқа тартылатынын ескерткен министр, табысының төмендігін растаған жанұяларға бірден жәрдемақы беруді тапсырды. Қазір мұндай көмекті елімізде 277 мың отбасы, яғни, 1 миллион 333 мың адам алады екен. Бұның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған шаңырақтар мен мүгедектер бар. Оларды қолдау үшін бюджеттен 67 миллиард теңге бөлінген. Жәрдемақының орташа көлемі 105 мың теңге. Сондай-ақ, Сапарбаев халыққа есеп беру кезінде жұмыс жоқ деп, мемлекетке алақан жаятындарға кеңес берді.
Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Қазіргі таңда бос жұмыс орындарының саны, жұмыссыздардың санынан көп. Әрине айлық аз болар. Енді аз болса да соған бару керек. Ертең жұмыс жақсы жүрсе, жалақы көбейеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!