Сенаторлар жәрдемақы рәсімдеудегі қиындықтар туралы айтты
Мүгедектер мұңы! Сенаторлар мүмкіндігі шектеулі адамдардың құжаттарын рәсімдеу кезіндегі кедергілерді атады.
Автор: Әсел Тұмашқызы
24.06.2019
Өйткені мамандар мүгедектер тізіміне тіркеу үшін оларды сарылтып күткізіп қоятын көрінеді. Әсіресе, ауылдық жерде тұратындарға оңай соқпай тұр. Олар анықтама үшін алдымен аудандағы ауруханаға қатынайды. Онда шамамен 4 ай тексерістен өтеді. Кейін облыс орталығына барып, 18 түрлі құжат жинақтауға міндетті. Осылайша, кемтар жандар бір жылға дейін уақыт жоғалтып, босқа сабылуға мәжбүр. Сондықтан сенаторлар премьер-министрден бұл мәселені дереу шешуді сұрады.
Нариман Төреғалиев, Сенат депутаты:
- Мүгедектерге шалғайдағы ауруханаларға қатынау оңай емес. Екі ортада сабылып жүргенде шығынға батады. Онсыз да жәрдемақыға қарап отырған жандарға осынша құжат жинатудың не керегі бар? Қағазбастылықтан құтылудың жолын қарастыру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!