{metadescription}
Ақтөбенің жаңа әкімін ауыз судан тарыққан жұрт қыспаққа алды
Ақтөбенің жаңа әкімін ауыз судан тарыққан жұрт қыспаққа алды

Ақтөбенің жаңа әкімін ауыз судан тарыққан жұрт қыспаққа алды

Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары ауыз судан тарығып отыр. Жаз шыққалы мұнда суды сағаттап қана беретін болған. Соңғы бір аптада оны да мүлдем доғарыпты. Енді үйлердегі су құбыры қаңсып тұр. Ал әкімдіктегілер ауылға тартылған су қорының жетпейтінін айтады.

Ақтөбе іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғыны Самал Тәжіқұлова үйіндегі су ағатын бұранданың қаңсып тұрғанына бір айдай болғанын айтады. Суды көрші ауылдағы бұлақтан көлікпен тасиды.

- Міне, екі кран екеуінде ашып отырмын. Дым тамбайды. Міне, шәйнектерім де бос

Қазір бұл ауылдың көшесінде пластик құтымен су сұрап жүргендер жиі ұшырасады. Тіршілік нәрін тасып берер адамы жоқ қарттар, түнімен дәретхана күзететін жағдайға жеттік деп налиды.

Ақайша Жолдасова, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Жаңа сағат жетіде құттай бірнәрсе тамшылап ақты. Соны банкіге құйып алдық. Күнде тамбайды. Анда-санда тамады.

Шөлдеген жұрттың наразылығына Ақтөбенің су жаңа әкімінің өзі келді. Алғашқы жұмыс күнінде ақжарлықтармен кездескен ол, алдымен осы мәселені шешемін деп отыр. Оның сөзінше, ауылдағы су жинайтын мұнара мың жарым шаңыраққа арналған. Бірақ халық саны одан екі есеге өскен.

Мавр Абдуллин, Ақтөбе қаласының әкімі:

- Бізге судың қорын анықтап береді. Содан кейін ол жерге қосымша насос қолдануымыз керек. Қазір «Ақбұлақтың» мамандары жұмыс істеп  жатыр. Сол бойынша жұмыс істейміз.   

Тұрғындар су мәселесі шешілмесе халықтың ауылдан безіп кетер түрі бар. Қазір кір-қоңы жуылмақ түгілі, алыстан су тасуға дәрмен қалмағанын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде