{metadescription}
Арысты қалпына келтіруге ақша қайдан алынады?
Арысты қалпына келтіруге ақша қайдан алынады?

Арысты қалпына келтіруге ақша қайдан алынады?

Күл талқаны шыққан Арыс қаласын қалпына келтіруге ақша мемлекеттік резервтен бөлінетін болды. Қазір онда 30 миллиард теңге бар.

Ақша бірінші кезекте баспанасынан айырылғандарға жұмсалады. Әзірге комиссия 19 жер үйдің өртенгенін мәлімдеді. Және 10-ға жуық қора-қопсы жанып кеткен. Оның үстіне, жолдар мен электр желілеріне қатты зақым келіп, қала жарықсыз қалды. Десе де бүлінген үйлердің саны артып, шығын көлемі әлі де көбеюі мүмкін. Өйткені, келтірілген залалды есептеу апта соңына дейін жалғасады. Үкімет те шығын нақтыланған бойда қаржы аударуға  дайын.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімдігі бізге тиісті есепті беруі керек. Осыған сәйкес, Қаржы министрлігі тиісті қаражатты резервтен беретін болады. Қазір резервте 30 миллиардтай ақша қалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде