{metadescription}
Арыста тестілеу тығырыққа тірелді
Арыста тестілеу тығырыққа тірелді

Арыста тестілеу тығырыққа тірелді

Арыстағы жарылыс салдарынан Ұлттық бірыңғай тестілеудің апелляциясы өтпей қалды.

Негізінен арыстық 779 түлек тест тапсыруға өтініш білдірген. Олардың 772-сі 21 мен 23-ші маусымда емтихан тапсырып үлгерген. Ал, кеше апелляциялық комиссияның отырысы өтуі керек еді. Таңертеңгі 9-ға жоспарланған шара уақытында басталғанымен жарылысқа байланысты дереу тоқтатылған. Сөйтіп, Елордадан барған комиссияның 12 мүшесі Шымкентке қайтқан. Енді астанадан барған мамандар ҰБТ-ның құжаттарын Нұр-Сұлтанға алып келуі тиіс.

Әділет Тойбаев, Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

- Жағдай тұрақталған соң, біз апелляцияны өткізетін боламыз. Біздің 30-на дейін ресми түрде уақытымыз бар. Егер 30-на дейін үлгермесекте, бәрібір біз созамыз, апелляцияны өткіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.