{metadescription}
«Тамақ жоқ, қарын аш»: Арыстағы жарылыстан кейін жолда қалғандар мұңын шақты
«Тамақ жоқ, қарын аш»: Арыстағы жарылыстан кейін жолда қалғандар мұңын шақты

«Тамақ жоқ, қарын аш»: Арыстағы жарылыстан кейін жолда қалғандар мұңын шақты

Арыстағы жарылыстардың кесірінен әлі күнге дейін діттеген жеріне жете алмаған жолуашылар шағымданып жатыр. Себебі, кешеден бері 7 ірі стансада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылған. Ал, Алматыдан Атырауға аттанған пойыз Шу стансасынан тоқтап, кейін Жезқазған арқылы жолын жалғастырған еді. Алайда, бір күнге жуық елсіз даламен жүрген жолушылар ас-судан қатты тарыққандарын айтады.

Вокзалдың дүкендерінде ұзын-сонар кезекте тұрғандар кеше Алматыдан Атырауға аттанған жолаушылар. Олардың айтуынша, Шу стансасында тоқтатылған пойыз апатты аймақты Жезқазған арқылы айналып өтпек болыпты. Бағыты өзгерген пойызда сергеледеңге түскен жолаушылар жол бойы талғажау етер тамақ таппай қиналдық дейді.

- Атырауға бара жатыр едік, жолдан Жезқазғанға тоқтадық. Бір тәулік болды, станция жоқ, тамақ жоқ. Жезқазғандағы дүкендерді жолаушылар торуылдап жатыр. Сұмдық! Қарын аш.

Ал, мына Шымкент темір жол вокзалы абыр-сабыр күйге түскен. Жолынан қалып, сеңдей соқтығысқан халық сапарын әрі қарай автобуспен жалғастыруға мәжбүр. Тіпті, жол азабынан шаршап-шалдыққан балалар даладағы орындықтарға сұлай кетіпті.

- Батыс бағытына жүретін жолаушы азаматтар! Вокзалдың қала жағында тұрған автобусқа өтулеріңізді сұраймыз!

Десек те, «Жолаушылар тасымалы» компаниясы Арыстағы жарылыстардың кесірінен туындаған келеңсіздікпен шама-шарқынша күресіп жатқанын айтады. Жауапты мекеменің мәліметінше, 7 ірі стансада 20 жолаушылар пойызы тоқтатылса да, 10 мыңға жуық адам діттеген жеріне жеткізіліпті.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:

- Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, біз барлық жолушыларды көліктермен Шымкент және Түркістан қалаларына жеткіздік. Әрине, стансадан стансаға жеткізу тегін. Оны «Жолашуылар тасымалының» жергілікті филиалдары және жаңағы 3 облыстың атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірлесіп тасымалдап жатырмыз.

Шымкент-Арыс-Темір аралығындағы жол торабы әзірге жабық тұр. Мамандар шойын жолдың арнайы комиссияның шешімінен соң, яғни қауіп толық сейілгесін ашылатынын айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде