{metadescription}
Тоқаев Арысты дереу жарылғыш заттардан тазартуға тапсырма берді
Тоқаев Арысты дереу жарылғыш заттардан тазартуға тапсырма берді

Тоқаев Арысты дереу жарылғыш заттардан тазартуға тапсырма берді

Жарылғыш заттың барлығы Арыстан аластатылуы керек. Арыс бұдан былай оқ-дәріден ада, тұрғындар үшін қауіпсіз қалаға айналуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне осындай тапсырма берді. Сонымен бірге, қылмыстық іс қорытындылары бойынша кінәлілерді қатаң жазаға тартуды бұйырды. Оқиға орнына барып, халықтың ортасында болып, жағдайымен танысып қайтқан мемлекет басшысының бірінші тапсырмалары осы.

- Қайтесіз, солай болады кейбір уақытта. Үкімет қаражатты санайды. Содан кейін ақшаны бөлеміз. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. 

Анығында бұл халықтың Президентке түнделетіп жетіп, елмен бірге болғаны үшін ғана емес, мемлекеттің халықты далада қалдырмағаны үшін соғылып жатқан шапалағы деп білген дұрыс шығар. Апат аймағына айналған Арыс қаласынан эвакуацияланған жұрттың хәлімен танысуға Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні ұшып барған еді. Халықтың орныққанына көзі жеткен соң қираған қаланы өзі аралап шықты. Мәселен, мына үйдің қабырғасын снаряд опырайтып тесіп өткен. Бірақ жарылмай қапты.

- Жарылғанда мына жерден ештеңе қалмаушы еді. Құдай сақтап жарылмай қалды.

Осы апаттан қаза тапқан екі адамнан бөлек жүзге жуық адам әр түрлі жарақат алған. Оның 15-і жансақтау бөлімінде жатыр. Ауруханаға түскен арыстықтар оқиғаның қалай болғанын сол жерде президентке айтып берді.

- Балалар қатты қорықты. Отырып қалдым. Не болғанын білмеймін.   

- Иә, апат қой.

Тоқаев осындай ел басына күн туғанда жұртқа басу айтып, халыққа демеу бола білген ел ақсақалдары мен тынбай көмектесіп жүрген барша еріктілерге алғысын білдірді. Ал Қорғаныс, Ішкі істер министрлері тура сол жерде жағдайды президентке баяндап жүр. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, кеше кешкілік 1616 адам қауіпсіз жерге орналастырылған. Тағы 800-дей адамның қалғанын баяндап тұр. Ал қалғандары ағайын-туысын жағалап кеткен. Қаншама адамды жаралап, бүтін бір қаланы тентіреткен жарылыстардан кейін Тоқаев Арысты дереу жарылғыш заттардан тазартуға тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы жарылыстан кейін ондағы қару-жарақтың бәрін алу керек. Арыс жарылғыш заттардан толық тазаруы тиіс. Бұны қалайда істейміз. Осы жұмыстарды жалғастыра беріңіздер.

Кеше түнде ғана Арыстағы жағдайды өз көзімен көріп шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл Ақордаға қайтып келді. Ал айтпай келген апаттан зардап шеккен жұртқа президент өзі бастап бір күндік жалақысын аударды. Оның бастамасы Президент әкімшілігі мен бірқатар министрліктерде қолдау тауып жатыр. Айта кетейік, осы күні Түркістан облысы әкімдігі арыстықтарға қолдау қорын ашып қойған. Ниет білдіргендер соған ақша аудара алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде