Юнеско клубтарының шеберлік сағаты өтіп жатыр
Юнеско клубтарының шеберлік академиясында 10 күннен бері түрлі тренингтер мен шеберлік сыныптарына қатысқан жеткіншектер қорытынды концерттерін жұртшылық назарына ұсынды. Білікті мамандардан дәріс алған жастардың жаңа қырлары ашылып, өзгеше идеялары пайда болған.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
26.06.2019
2016 жылдан бері Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен өткізіліп келе жатқан шара бұған дейін 5 бағытты қамтыса, биыл ғылыми жобаларға бет бұрған жеткіншектерге де ерекше көңіл бөлінген екен.
Ғани Бектайұлы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының аймақтық даму бойынша вице-президенті:
- Бұл үлкен мүмкіндік деп айтуға болады. Мысалы, бұған дейін бес бағытта жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні тағы да бір ғылыми жобалар бағытында алтыншы бағыт қосылып отыр.
Шығармашылық академияның байқауына еліміздің барлық аймағынан 2000-ға жуық жеткіншек өздерінің жұмыстарын өткізген. Алайда, мұқият тексерген қазылар алқасы үздік деген 50 баланы таңдап алып ой-өрісін дамытуға үлкен мүмкіндік берген. 10 күннен бері тәжірибиелерін шыңдаған жастардың ендігі болашаққа деген жоспарлары да тым биік. Сондай-ақ, шығармашылық академиясындағы жеткіншектер тек бір бағытта ғана шектеліп қалмай, өзге де қырларынан көрсетуге тырысқан.
Қайсар Темірбек, Шығармашылық академияның қатысушысы:
- Бұл жерге өту үшін, вокал және актер шеберлігінен тапсырдым. Өкінішке орай вокалдан өтпей қалдым. Ортаорлық сын бойынша өттім. Бұл жерде мен көркем сөз оқимын. Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», деген өлеңін оқимын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!