{metadescription}
Жолаушылар мінген автобусқа Камаз соғылды
Жолаушылар мінген автобусқа Камаз соғылды

Жолаушылар мінген автобусқа Камаз соғылды

Ақтөбеде жолаушылар мінген автобусқа Камаз соғылып, бір адам қаза тапты. Тағы 15 адажолапатым түрлі жарақат алған. Олардың үшеуі бала.

Облыс орталығынан қала іргесіндегі ауылға қатынайтын автобуста жолаушылар көп болыпты. Қиылыстан атып шыққан Камаз оның тура бүйірінен соғады. Автобус жүргізуші көлігін бұрып та үлгермеген. Қатты соққыдан бір жолаушы сол жерде қаза тапты. Ал жараланған 15 адамның тоғызының жарақаттарын таңған соң, дәрігерлер үйлеріне қайтарған. Үш жеткіншек балалар аураханасында, қалғандары облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оларды он күнде аяғынан тұрғызамыз деп отыр.

Азамат Тұрышов, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Он екі науқас келді. Екеуі біздерге жатқызылды. Екеуінің жағдайы орташа. Бір науқас урология бөліміне жатқызылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде