{metadescription}
Алматыда опера және балет театрының хор ұжымы сахнаға шығудан бас тартып отыр
Алматыда опера және балет театрының хор ұжымы сахнаға шығудан бас тартып отыр

Алматыда опера және балет театрының хор ұжымы сахнаға шығудан бас тартып отыр

Алматыда Абай атындағы опера және балет театрының хор ұжымы сахнаға шығудан бас тартып отыр. Себебі, театр басшылығы өнер ордасының бас хормейстерін жұмыстан қуған. Шығаршылық топтың басты талабы - Әлия Темірбекованы қызметіне қайтару. Бұдан өзге әртістер театр директорының қудалауынан шаршағандарын айтады.

Соңғы жарты жылда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор ұжымы сотта өз құқықтарын дәлелдеумен әлек. Айтуларынша, бұрынғы басшыға қазіргі директордың қудалауы қосылып шығармашылық жұмысты мүлдем ұмытқан. Түрлі спектакльде ән шырқайтын әртістер хормейстер Әлия Темірбекованың қуылғанын қолдамайды.

Қанат Матанов, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор әртісі:

- Біздің әкімшілік өте үлкен қысым көрсетіп жатыр. Енді бұл қысымды 1937 жылғы репрессиямен салыстыруға болады Мен 27 жыл театрда өнерде істеп келемін. Бірақ мынандай бассыздықты мен өмірімде бірінші рет көріп тұрмын.

Біржан Мамырбаев, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор әртісі:

- Барлық хор әртістерінің жұмысқа деген шығармашылық ынтасы жоқ. Өйткені қазіргі таңда біздің басшылығымызды алып тастады Әлия Темірбекқызын. Біз сонымен келіспейтінімізді айтқымыз келеді.

Театр директоры Ая Қалиеваның қабылдауына барғанымызда жұмысы қауырт екен. Сондықтан берген жауабы қысқа.

Ая Қалиева, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры:

- Хормейстермен қызметтік міндетін дұрыс атқармағаны үшін келісім-шартты үздік. Нақты қандай заңбұзушылық екенін білгілеріңіз келсе жазбаша өтініш жіберіңіздер. Мен қазір асығыспын. Көркемдік кеңестің жиналысы бар.

Жалпы хор ұжымында 70-ке жуық адам еңбек етеді. Әрқайсы өз ісінің маманы. Ширек ғасыр өнер ордасында тер төгіп, мінсіз қызметі үшін түрлі марапат алған Әлия Темірбекова заңсыз жұмыстан қуылғанын сотта дәлелдеуге кірісті.

Әлия Темірбекова, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бұрынғы хормейстері:

Театр әкімшілігі мен шығарамшылық топтың жұмыс кестесі әртүрлі. Бұл мекеменің ішкі құжаты мен ұжымдық келісім-шартта жазулы. Біз 7 сағатты толықтай театрда өткіземіз. Ол дайындық уақытына байланысты. Таңертең 9-дан түскі 1-ге дейін сосын кешкі 6-дан түнгі 9-10-ға дейін жүреміз.

Тарихы тереңде жатқан театрдағы алауыздық шығармашылық ахуалды ушықтыратын тәрізді. Себебі, хор әртістерінің гастрольдік сапары бар.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы хор ұжымы бір күнде басшысыз қалып алаңдаулы отыр. Себебі, алдағы шілденің 3-і мен 8-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында маңызды шара өтеді. Ол кезде хорды кім басқарады? Әзірге ол жағы белгісіз. Өнерпаздар осы кезде шығармашылық топты қолдайтын мықты басшы керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.