{metadescription}
Тоқаев жарты миллион адамның қарызы кешірілетінін айтты
Тоқаев жарты миллион адамның қарызы кешірілетінін айтты

Тоқаев жарты миллион адамның қарызы кешірілетінін айтты

Елімізде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесі кешірілетін болды. Мемлекет тарапынан бір реттік әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сонымен, қанша адамның қарызы кешіріледі? Олар кімдер?

Банктер жаппай барлық азаматтың қарызын кешіреді деу бекер. Мұндай жеңілдік тек, аз қамтылған, жалғыз қамқоршысынан айырылған, көпбалалы және мүгедек ұл-қыз асырап отырған отбасыларға жасалады.

Дегенмен, олар табысының төмен екенін, яғни төлем қабілетінің жоқтығын растауы керек. Мемлекет басшысы бұл екінші деңгейлі банктен несие алып, оны төлей алмай отырған адамдарға үлкен көмек болатынын айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Растет долговая нагрузка на многих граждан, снижаются их реальные доходы. Люди не знают, как рассчитаться с долгами по кредитам. Эта проблема затрагивает жизненные интересы около 500 тысяч человек. Как глава Казахстана я конечно же не могу остоватся безучастным, видя, что люди не в состоянии выбраться из долговой ямы.

Сондықтан мемлекет басшысы тиісті жарлыққа бүгін қол қойды. Сөйтіп, жақын арада жағдайы төмен несиесі бар 500 мың адамның қарызы кешірілуі тиіс. Берешекті жабу үшін жағдайына қарай олардың әрқайсына 300 мыңнан бастап 3 миллион теңгеге дейін төленеді. Сондықтан біреуінің несиесі толығымен өтеліп, екіншісінікі жартылай ғана жабылуы мүмкін. Енді бұл жұмысты Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп атқаруы керек. Айта кетерлігі, банкке берешегі бар қарапайым азаматтарға да қолдау көрсетіледі. Олардың несиесі кешірілмесе де, дер кезінде жасалмаған төлем үшін жиналған өсімақы мен айыппұлы болса, бұған банк бұдан былай көз жұма қарауы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Для всех граждан, имеющих беззалоговые потребительские займы в банках и микрофинансовых организациях, будет проведено списание начисленных штрафов и пени по состоянию на 1 июля 2019 года. Данное списание заемщикам будет осуществлено, в первую очередь, за счет банков второго уровня и микрофинансовых организаций.

Сондай-ақ, жарлыққа сай, бұдан былай күнкөріс көлемі 27 мың теңгеге жетпейтін адамдарға несие беруге тыйым салынып отыр. Бұл олардың одан әрі қарызға батпауына мүмкіндік береді дейді президент. Мемлекеттік көмектен кәсіпкерлер де үмітті. Қазір 40 мыңнан астам бизнесмен салықтық рақымшылыққа  іліккен. Негізгі қарызды өтеген бойда олардың 123 миллиард теңге шамасындағы айыппұлы кешірілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде