{metadescription}
Арыстағы жарылысқа байланысты пойыздар айналма жолдармен қатынап жатыр
Арыстағы жарылысқа байланысты пойыздар айналма жолдармен қатынап жатыр

Арыстағы жарылысқа байланысты пойыздар айналма жолдармен қатынап жатыр

Төтенше жағдайға байланысты жолаушылар пойызы айналма жолдармен қатынап жатыр. Ал «Шымкент-Арыс-Түркістан» бағыты бойынша шойын жолдың қашан ашылатыны әлі белгісіз. Бұл жол бойынша отарбалардың қозғалысы толық шектелген.

Сондықтан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы осы аумақ арқылы өтетін 13 жолаушы пойызының кестесін өзгертуге мәжбүр. Енді пойыздар «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» бағыты бойынша жүріп жатыр. Алайда, айналма жолмен қатынауға келіспегендерге билет құны 100 пайыз қайтарылады. Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, Арыстағы апат болған күннен бері жолда қалған 11 мыңнан астам адам діттеген жеріне бірнеше сағатқа кешігіп жеткізілген.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Енді пойыздар «Жезқазған - Бейнеу» жаңа жол торабы жүретін болады. Яғни Шымкентке келген жолаушылар әрі қарай Алматы, Нұр-Сұлтан қаласына жетеді. Ал, Түркістанға жеткен жолаушылар әрі қарай Батыс өңірлерге кетеді. Өйткені, жол учаскесі жабық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.