{metadescription}
«КазРобоПроджект – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды
«КазРобоПроджект – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды

«КазРобоПроджект – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды

«КазРобоПроджект – 2019» республикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Оны Тұңғыш Президент қоры «ҚазРоботикс» федерациясымен бірлесіп үшінші рет ұйымдастырып отыр.

Саят Тастанбеков, байқау қатысушысы:

- Бүгінгі біздің жоба бұл зағип жандарға арналған. Яғни, көзі көрмейтін адамдар емес, нашар көретін адамдарға. Бордюр бізде 60 см-тен кіші болған жағдайда пиаза динамик мүгедекке белгі береді. Басқаша тонмен береді, 880 деген тонмен береді. Ал лоток шұңқырларға келгенде онда 440 тонмен береді. Яғни, мүгедек бірден ажырата алады оның лоток не бордюр екенін.

Байқаудың биылғы финалдық кезеңінде осындай 30 команданың жобасы ұсынылды. Мәселен, мынау үшқышсыз, компьютермен басқарылатын өздігінен өрт сөндіретін ұшақтың үлгісі. Ал «көкжал бот» әскери тапсырмаларды жақсы орындайды. Жалпы, байқауға іріктеу биыл наурыз-мамыр айлары аралығында бүкіл 17 өңірде өтті. Оған 10 мен 21 жас аралығындағы 200-дей бала мен жасөспірім қатысып, үздіктері финалдық кезеңге жолдама алған еді. Сайыс қорытындысы бойынша, 10-15 жас аралығындағы балалар арасында павлодарлық команданың «Сканбот» жобасы жеңімпаз атанды. Ал 16-21 жас аралығындағылар ішінде Артем Тишковтың ұшқышсыз дәрі жеткізетін ұшақ жобасы бірінші орынды жеңіп алды.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары:

- Шара басталар алдында біраз жұмыстарды қарап шықтым. Соларды көре отырып, Елбасының сандық технологияға, сандық экономикаға, жасанды ой-санаға ден қою бастамасы қарқынды жүзеге асып жатқанын байқадым. Оның барлығы осы сіздердің жұмыстарыңыздан басталады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде