{metadescription}
Павлодар тұрғыны Джеймс Бондтікіндей көне тапанша тауып алды
Павлодар тұрғыны Джеймс Бондтікіндей көне тапанша тауып алды

Павлодар тұрғыны Джеймс Бондтікіндей көне тапанша тауып алды

Павлодар қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына көне тапаншаларды тапсырды. Сталиндікіндей «Маузер» және ағылшын тыңшысы Джеймс Бондтың «Вальтері» сияқты қаруларды жергілікті тұрғын үйін жөндеу кезінде тауыпты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында салмағы небәрі 400 грамм салмақтағы «Маузерді» офицерлер мен лауазымды тұлғалар өзін-өзі қорғау құралы ретінде қолданған. Кезінде генералиссимус Йосиф Сталин осындай «Маузерін» қалтасынан тастамайтын.  Ал, «Вальтер» 50-ші жылдары полицейлерге арнап құрастырылған. Соғыстан кейін британдық арнайы қызмет өкілдерінің табельдік қаруы болды. Сонымен қатар бұл тапанша Джеймс Бонд 007 агентінің ең сүйікті маркасы болған деседі. Сирек кездесетін тапаншаны тауып, тапсырған павлодарлыққа  енді әр қару үшін жетпіс мың теңгеден сыйақы берілмек.

Владимир Бычков, Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Тапаншалар өткен ғасырдың қаруы екеніне қарамастан, өңі кетпестен, жақсы сақталыпты. Алғашқы тексеру барысында-ақ бұған көзіміз жеткен біз таң қалдық. Қару-жарақ коллекциялық болып табылғандықтан мұражайда сақталуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде