{metadescription}
Әкімнің қызметінен кетуін талап еткен жұрт бір-бірімен жанжалдасып қалды
Әкімнің қызметінен кетуін талап еткен жұрт бір-бірімен жанжалдасып қалды

Әкімнің қызметінен кетуін талап еткен жұрт бір-бірімен жанжалдасып қалды

Әкімін кетіре алмай әлек. Ақмола облысындағы Ақан Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі Алтынай Біләлованы тұрғындар қызметінен кетуін талап етіп, өзара жанжалдасып жүр. Жұрт екіге жарылып, бір топ жақтаса, екіншілері ауылдан қазір қууға әзір. Бұған себеп – округ әкімінің  бейпілауыздығы мен жұмысын  атқармауында, - дейді тұрғындар. Әкімнің мәселесін майшаммен қарау үшін олар тіпті жергілікті қауымдастық та құрған. Бірақ, бұл ұйым өткізген жиында да тұрғындар бір шешімге келе алмай, қып-қызыл дауға ұласты. 

Әкім мәселесі маңызды болғаны сонша обыр ауруына шалдығып, төсек тартып жатқан 1 топтағы мүгедек Михаил Рыбаков та қауымдастық отырысына қатысуға келген. Тұрғынның айтуынша, Алтынай Біләлова кабинетіне барғанда балағаттап қуып шығыпты. Ауыл тұрғындарының көпшілігінің әкімге деген өкпесі қара қазандай екен. Бірақ, қолдаушылары да жоқ емес. Бүгін олар әкім орнында қала ма жоқ па соны өзара шешу керек болатын. Бірақ, екіге бөлінген жұрт өзара айғайласып бірін бірі тыңдар емес.

Роман Нощенко, Ақан Құрманов атындағы ауыл тұрғыны:

- Бетбақтырмайды ол, аузына ақ ит кіріп көк ит шығады. Жаңа науқас адам да айтты ғой. Кісілермен сөйлесе алмайды, ондай мемлекеттік қызметкер болмайды. Менің өзімді 3 әріпке жіберді. Масқара ғой!

Шенеуніктің бұл қылығы бұған дейін облыстық Әдеп кеңесінде  қаралған. Онда Алтынай Біләловаға қатаң сөгіс жарияланған. Бірақ, ол жазамен тұрғындар мүлдем келіспейді. Әкімді орнынан алмай тынбаймыз деп отыр. Осы жолы жиында қауымдастық жұрттың дауысын да жинап көрмек болған. Бірақ, екіге жарылған жұрт дауыс беру жәшігіне өздері жасап әкелген бюллетеньдерін салып, бір шешімге келе алмады. Ал Алтынай ханым болса, өзін судан ақ сүттен тазамын деп тұр.

Алтынай Біләлова, Ақан Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі:

Шын айтсам боқауыз айтқан жоқпын. Айтқаным «закрой ротаузыңды жап деп». Мен ешқашан елді боқтамаймын. Мен ары қарай как жұмыс істедім, солай істеймін.

Басы даудан арылмаған ауыл әкімі қызметінен кете ме,жоқ па оны демалыстан оралған соң аудан әкімі шешеді. Бірақ, 10 жыл әкім болып тұрған Алтынай Біләловадан оңайлықпен құтылмасымыз анық, - дейді ауыл тұрғындары. Сондықтан олар Елордадағы мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне де хат жолдап үлгерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде