{metadescription}
Өскеменде жедел жәрдем көлігі 21 жастағы қызды қағып кетті
Өскеменде жедел жәрдем көлігі 21 жастағы қызды қағып кетті

Өскеменде жедел жәрдем көлігі 21 жастағы қызды қағып кетті

Өскеменде жедел жәрдем көлігі жаяу адамдарға арналған жолдан өтіп бара жатқан 21 жастағы қызды қағып кетті. Оқыс оқиға шаһардың қақ ортасында болған. Жедел жәрдем жылдамдығы жоғары болғаны соншалықты көлік адамды сүйреп барып әрең тоқтаған.

Жедел жәрдем көлігі шақырту бойынша науқасқа асығып бара жатқан. Тіпті, оның үстіндегі дыбыс сигналы да қосулы болған екен. Әйтсе де, 55 жастағы жүргізуші жолдан өтіп келе жатқан қызды аңғармай қалған. Бойжеткен, әйтеуір, аман қалды. Қазіргі уақытта ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Ал, апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.