{metadescription}
Елімізде ескірген автокөлік шиналары кәдеге жарамақ
Елімізде ескірген автокөлік шиналары кәдеге жарамақ

Елімізде ескірген автокөлік шиналары кәдеге жарамақ

Елімізде ескірген автокөлік шиналары кәдеге жарамақ. «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» резеңке-асфальтбетон қоспасын тәжірибиеден өткізді. Мамандар мұндай әдісті қолданудың пайдасы мол екендігін алға тартуда. Алайда, бетонның 50 жылға дейін жарамдылығын ескерген осы сала мамандары, алдымен жол құрылысының қалыпты қағидаларымен құрылыс жүргізу керектігін айтып отыр.

Шұрық-тесік жолдарды жамаудың жаңа тәсілі қандай болатындығын тілшіміз Бауыржан Жақсымбет кеңірек тарқататын болады.

Жол азабын жоюға арналған жоба үш жылдан бері сыналып келеді. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ұзындығы 500 метрге дейін төселген бетон мен резеңкеның қоспасы берік болатындығын көрсетіпті. Бұдан бөлек, аптап ыстық пен аязды күнде де жарық-сызаттар түспейді екен. Сондай-ақ жүйіткіген көліктердің жылдамдығын тежеуге де пайдасы бар. Осындай зерттеулерінен кейін, мамандар тозығы жеткен шиналардың үгінділері ойқы-шойқы жолдарды қалыпқа келтіруге үлкен септігін тигізеді дейді.

Ғалия Измаилова, жол құрылымдары және материалдары департаментінің директоры:

- Тәжірибиеде ескірген автокөліктердің резеңке қиындыларын пайдаландық. Біздің топшылауымыз бойынша оларды әртүрлі өндіріс компаниялары әзірлейді. Сондықтан, барлығын технилогияға сүйену арқылы жасаған абзал. Бұдан бөлек, олардың кесілуіне де баса назар аударған жөн.

Бұдан бөлек, жаңа технологиямен төселген  жолдар үш жылға дейін жөндеуді талап етпейтіндігін де мәлімдеді. Құрамындағы қоспаларға еліміздің бетон зауыттарының цементтерін пайдаланыпты. Алайда, асфальт, резеңке мен бетонды араластыру мүлде қате екендігін айтқан жол қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы алдымен жол құрылысындағы заңдылықтарды дұрыс жүргізу керектігін айтып отыр.

Арсен Шакуов, «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының басшысы:

- Асфальтті бетонмен араластырып, оған резеңке үгінділерін қосу туралы естіген емеспін. Себебі, бетон мен асфальт араласпайды. Ал, астына бетон төсеп, үстіне асфальт пен резеңке үгіндісін төсеу дегенді түсінуге болады. Сонымен қатар, арнайы ескі шиналарды қабылдайтын орындар ашу қажет. Бізде әлі мұндай ашылмаған. Сол секілді бетон жолдар 50 жылға дейін шыдайды. Ал, мұның үш жылға дейін ғана жақсы сақталатыны жақсы көрсеткіш деп айта алмаймын.

Резеңке үгінділері қосылған асфальттың құны қазіргі қолданыстағысынан қымбатырақ болады екен. Бірақ, жолды жамап-жасқауға кететін қаражат едәуір арзандамақ дейді мамандар. Сынақтан сәтті өткен жобаны енді әкімдіктер мен ҚазАвтоЖол компанияларына ұсынуды көздеп отыр. Егер оларды қызықтырса, жақын уақытта жолдар жаңалануы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде