{metadescription}
Елорда күнін тойлауға бөлінетін қаражат 3 есе қысқарды
Елорда күнін тойлауға бөлінетін қаражат 3 есе қысқарды

Елорда күнін тойлауға бөлінетін қаражат 3 есе қысқарды

Елорда әкімдігі биыл қала күнін тойлауға бөлінетін қаражатты 3 есе қысқартты. Қала басшылығына қарасты бүкіл мемлекеттік мекемелерден шығатын қаражат 400 миллион теңгеден аспайды дейді әкімдік өкілдері.

Ерлан Қаналымов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

300-400 миллион теңгенің шамасында қалалық бюджеттен әр түрлі бюджеттік әкімшіліктер арасындағы соманы қосқанда қаражат сонша шығады.

Оның айтуынша, жыл сайын Елорда күнін тойлауға қатысты қалада 300-дей мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылады екен. Биыл олардың да саны үш есеге қысқарып, жүзден астам шара өткізілетін болып қалған. Қала басшыларының айтуына сенсек, биыл мереке ауқымын азайтудың Арыс оқиғасына қатысы жоқ. Жыл басында осылай жоспарланған. Яғни, биыл Қазақстан мен шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Оупен Эйр» фестивалі, қаланың орталық алаңындағы гала-концерт сынды ірі жобалар болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.