{metadescription}
Депутаттар жазғы демалысқа уақытында шыға алмайтын болды
Депутаттар жазғы демалысқа уақытында шыға алмайтын болды

Депутаттар жазғы демалысқа уақытында шыға алмайтын болды

Әлі ел бюджетін қарау керек. Депутаттар жазғы демалысқа уақытында шыға алмайтын болды. Сенат пен Мәжіліс депутаттары осылайша еңбек демалысына 5-шілдеде кетпек.

Парламентке жазғы демалысқа кешігіп шығуға Премьер-министр өтініш жасады. Оның айтуынша, алдағы аптада әлеуметтік салаға жұмсалатын бюджет шығындарын қарау қажеттілігі туып тұр. Нақтырақ айтқанда, жұмыссыздық, тұрғынүй құрылысының қарқынын үдету мәселелері, сонымен бірге, тұрмысы төмен отбасыларға өз кәсібін ашуға қолдау көрсету шаралары депутаттардың қарауына ұсынылады. Парламенттің бірлескен отырысы осының бәрін ескере келе, әңгіменің тоқетері, шілденің бесіне дейін жұмыс істейтін болып шешті. Айта кетейік, депутаттар жылда маусым айында демалысқа шығып кететін. 

Асқар Мәмин, премьер-министр:

- Осы маңызды шараларды іске асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу қажет. Осыған байланысты бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастыру үшін парламент сессиясы жұмысы мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.