{metadescription}
Қоқыстың түтініне тұншыққан балқаштықтар шу шығарды
Қоқыстың түтініне тұншыққан балқаштықтар шу шығарды

Қоқыстың түтініне тұншыққан балқаштықтар шу шығарды

Өндіріс түніне тұншығып отырған Балқаш қаласының тұрғындары, енді өртенген қоқыстың түтіннен көз ашпай қалды. Себебі 2005 жылы пайдалануға берілген қоқыс полигоны әбден толып, қаптаған қаңғыбастардың мекеніне айналған. Олар көбіне металл іздеп жал-жал болған тұрмыстық қалдықты өртейді.

8 гектардан астам алқапты алып жатқан мына қоқыс полигоны Балқаштан небәрі 6 шақырым қашықтықта ғана орналасқан. Жел терісінен соққан кезде шаһардың шеткі көшелерін өртенген қоқыс түтіні басып кетеді. 

Марат Ақберліұлы, Балқаш қаласының тұрғыны:

Бұрын тексеріп отыратын анау өрт бірдеңе болса сөндіріп тастайтын. Ал мынау ақырғы жылдары жағып тастайды да бітті. Күні-түні тереземізді ешқашан аша алмаймыз. Көк түтін, жалғыз қағаз болса бір жөн ғой, онда пластик бөтелкелер барын білеміз ғой.

Қазір бұл аумақтағы 750 мың тонна қоқыстың қожайындары үйсіз-күйсіз жүрген мына адамдар. Олар қаңылтыр қалбырлар, басқа да металл түрлерін жинайды. Ал астында қалғанын алу үшін оларға қоқысты қопарғаннан көрі өртей салған оңай. Қаншама зиянды қалдықтардың ащы түтіні қала тұрғындарын улап жатыр.

Сандуғаш Қасымбекова, Балқаш қаласының тұрғыны:

Жел мына батыс жақтан соғылса осы ауланың барлығын алып кетеді. Кешке жақын терезе ашуға мүмкін емес. Бала-шағаны қамап үйде отырамыз. Түтіннің иісі адамның кеудесін алып қалады. Мен мысалы үшінші группа мүгедекпін. Ол кезде шықпаймын далаға.

Жал-жал болып үйілген қоқыстан, одан шығатын түтіннен арылу үшін қазір жергілікті билік бірқатар жұмыстарды  бастаған. Қаладан 16 шақырым қашықтықта жаңа полигон салынбақ. Жалпы аумағы 20 гектар жерде қоқысты сұрыптайтын цех та жұмыс істейтін болады дейді.

Болат Асылбеков, Балқаш қалалық ТКШ бөлімінің бастығы:

- Жаңа полигон үшін арнайы жер бөлініп, құжаттары рәсімделді. Экологиялық талаптарға сәйкес жаңа заңдық өзгерістер еңгізілуіне байланысты жеке кәсіпкермен арада шығарылған қоқысты сұрыптау, өңдеу қызметі бойынша  келісім-шарт жасалды. Бұдан бөлек ескі полигондағы қоқысты кәдеге жарату үшін тағы екі кәсіпкер жұмыс орындарын ашады. Яғни сырттан бөтен ешкім кірмейді, қазіргідей жақпайды.

Қазір кәсіпкерлер өздерінің бизнес жобаларын дайындап қойған. Жері де белгіленіпті. Шенділер жұрты қолқаны қабатын түтінге енді бір-екі-ақ жыл шыдай тұруға шақырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде