{metadescription}
Қайта қауышу: Арыстықтар лек-легімен қалаға қайта оралды
Қайта қауышу: Арыстықтар лек-легімен қалаға қайта оралды

Қайта қауышу: Арыстықтар лек-легімен қалаға қайта оралды

Қайта қауышу. Арыстықтар бүгін лек-легімен кері қайтты. Жарылыстан кейін жан-жаққа жөңкілгендер шаһарға қайта оралды. Көпшілік шаңырағына аман-сау келгеніне қуанышты. Үйлері бүлінгендерді енді қалай, қайда тұрамыз деген ой мазамайды. Ауа ластанудан аман ба? – деп жүргендер де бар. Әскерилер бұл жағынан алаңдамау қажеттігін мәлімдеді. Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен бірге Арыста бір ай бойы бірге тұратынын хабарлады. Көш қалай қайтты?

Таңғы алты. Қаладағы төтенше жағдай пунктерінің алды құдды автобекетке айналғандай. Ұйқыларын ашып үлгермеген арыстықтар автобустарға мініп, жолға шықты. Мыңдаған адамның басы қосылған мұндай көш көптеп бері болмап еді. Бес күн бойына тарс жабық болған Арыстың қақпасы қайта ашылды. Жарылыс жарасын салған қаланың көшесіне жүрегі шайлыққан жұртшылық имене табандарын тигізді.

- Қорқыныш бар ғой қанша дегенмен, Қорқып келе жатырмыз не болады екен. Әлі түтін шығып жатыр. – Бір қорқыныш пен бір қуаныш бар шығар іштеріңізде? – Әлі сенбей тұрмыз

- Балаларым, немерелерім бәрі аман. Қасымда. - Халқымызға көп-көп рахмет! – Рахмет Шымкент облысына. Бізді жақсы қарсы алып, ауқатымызды, киімімізді бәрін берді.

Бар жоғы бес күн көрмеген шаһардан көпшілік жатырқап қалғандай. Апаттың салдары күллі қаланы тұрғынынан, тұрғындарын баспанасынан ажыратты.

Мөлдір Талап, Арыс қаласының тұрғыны:

- Үйімізге қазір келіп тұрмыз. Үйіміздің состояниесі мынадай болып тұр. Авариный. Бұл жүз жылдық тамдар.Білмеймін енді бала-шағамызбен қалай тұратынымызды бұл жерде.

Талап әулетінің үш атадан бері панасы болған қарашаңырақтың қазіргі күйі осы. Жарылған қабырға, сынған терезе, бүлінген бөлме.

- Осыны жөндеп берсе де ырзамыз. Малдарымыз да жоғалып кеткен сияқты.

Бұл жағдай басқа да арыстықтардың басында бар. Басқа түссе баспақшыл. Амандығына шүкір еткендер енді шаһардың экологиясына алаңдаулы. Көшпен кездескен облыс әкімі мен Қорғаныс министріне тұрғындар күдігін іркілмей айтты. Әскерилер алаңдамауға шақырды. Апаттан кейін өрт өшірілгенмен, бықсыған ақ түтін әлі басылмапты. 

- Адресіңізді айтып берсеңіз. – Айтыңыз қай жерде? – Қыр бар ғой. - Ол қыр деген болмайды. – Жалғыз жол бар ғой онда. – Жүр машинаға отырамыз. – Жүр, жүр!

Түтіндеп жатқан аумаққа бірге барамын, өз көзіммен көремін деген, әкім мен министр орта жолда кідіріп қалды. Қорғаныс министрлігінен еріп барғандар Әуелхан ақсақалға ешқандай қауіп жоғын айтып сендірді. 

Дәл қазір біз Арыстың сыртындамыз. Мынау радиация деңгейін өлшейтін дозиметр құралы. Дәл қазір 00,13 деген көрсеткішті беріп тұр. Бұл, яғни қалыпты. Қазақстанда егер 0,30 асатын болса ғана қауіпті деп саналады. Өздеріңіз көріп тұрғандай әлі күнге дейін снарядтардың қалдықтары қалған. Жақын арада тазаланады. Тұрғындарға мұнда аяқ аттап басуға тыйым салынған.

Көшпен келгендердің көңіл-күй әрқилы. Абдыраған адамдардың аптығын басуы тиіс Арыс әкімдігіндегі штабта ешкімнің жоқтығы көпшілік шамына тиді.

Бұл төрт баланы жалғыз асырап отырмын деген  Нағима Қирабаева. Осыған дейін жалдап тұрған пәтердің есігі тарс жабық. Үйдің иесі әлі келмепті.  Шарасыздықтан қиналған ананың дауысы әкімдіктегілерге жетіп, олар өз үйлеріне болсын орналастырамыз деп уәде берді.

- Қазір жайғастырам. Осы жерде мәдениет үйі бар. Жайғастырам қазір....

Арыстағы ахуал бірер күнде бірден қалпына келмесін білген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі осында бір айға қалатын болды. Оның үстіне, Шымкенттен қайтпаған әлі біраз тұрғын бар.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Қайтпаймыз десе олардың өздерінің еркісі. Сол жерде болсын, жағдай жасалады. – Қанша уақыт бола алады? Бір ай ма? Екі ай ма? - Енді оны...

Арыстың бірден бұрынғы соқпағына түсіп кетпейтіні анық. Дегенмен, есеңгіреген ел дегенмен үйлеріне аман-есен келгеніне қуанышты. Тіптен, сиыр екеш сиырдың өзі иесінің келгеніне қуанғаннан ба, әйтеуір орталық алаңда маң-маң басып жүр. Шаһардағы темір жолдың да тіршілігі жанданды. Жарық толық қосылып, байланыс қалпына келді. Апаттан кейін Арыста тіршілік қайта жандана бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде