{metadescription}
Нұр-Сұлтанда тарихи кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтанда тарихи кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтанда тарихи кітап жарық көрді

Тарихи кітаптар жарық көрді. Елорда да әлемдік экономика және саясат институтының бас сарапшысы, тарихшы Радик Темірғалиевтің топтамалық басылымдарының тұсаукесері өтті.

Топтама «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы», «Қазақтар мен Ресей», «Соңғы батырлардың дәуірі», «Қазақтар. Бабалар жолы» атты жинақтардан тұрады. Кейбір шығармалар бұған дейін жарық көрген. Алайда, көптің сұрауымен бір топтамаға жинастырылып, қайта басылып шықты. Радик Темірғалиев – Қазақстан тарихы бойынша түрлі ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы. Тарихшы 20 жылға жуық қазақ хандығының құрылуы, көрші елдермен қарым-қатынасы, қазақ батырларының елдікті қорғаудағы рөлі жайында зерттеу жүргізген.

Радик Темірғалиев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Бұл кітаптар бұған дейін жарық көрді. Шамамен 2008-2009 жылдары түрлі тиражбен басылды. Қазақстандықтар тарихи кітаптарды жақсы көреді. Әсіресе, Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы ерекше қызықтырады. Сондықтан оқырмандардан қайта басып шығаруды сұраған хат көп келіп түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде