Тұрмысы төмен азаматтардың несиесі қашан өтелетіні белгілі болды
Тұрмысы төмен азаматтардың несиесі мемлекет есебінен 1-қыркүйекке дейін өтеледі. Бүгін қарызы бар азаматтардың жүктемесін азайтуға арналған қаулының жобасы бекітілді.
Автор: Досжан Маратұлы
01.07.2019
Онда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесінің 300 мың теңгесі, 1-қыркүйекке дейін өтелуі тиіс деп жазылған. Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 15-шілдеге дейін борышкерлердің тізімен жасап, жалпы қарызын есептеуі керек. Кейін мәліметтерді Ұлттық банк тексеріп, Қаржы министрлігі проблемалық несиелер қорына ақша аударады. Бұған дейін жұрттың берешегін жабу үшін шамамен 105 миллиард теңге жұмсалатыны айтылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!