{metadescription}
ҰБТ-2019: Түлектерден 90 мың 375 ұялы телефон тәркіленді
ҰБТ-2019: Түлектерден 90 мың 375 ұялы телефон тәркіленді

ҰБТ-2019: Түлектерден 90 мың 375 ұялы телефон тәркіленді

90 мың 375 ұялы телефон тәркіленді. Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеу барысында талапкерлердің қулығы жаппай әшкереленіп жатыр. Соған қарамастан құзырлы министрлік тәртіпті бұзған түлектерге ешқандай шара қолданған жоқ.

Осы күнге дейін тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілерден ұялы телефоннан бөлек, 28 344 калькулятор мен 1 867 шпаргалка табылған. Бұл мәліметті жариялаған тестілеу орталығы ата-аналарды балаларын адалдыққа тәрбиелеуге шақырады. Еске салсақ, елімізде 117 мың түлек ҰБТ тапсыруы тиіс. Тестілеу 5 шілдеде аяқталады. Әзірге ең жоғарғы - 140 баллды бір ғана талапкер жинады. Ал, сынақ қорытындысына көңілі толмағандар апелляциялық шағым түсіре алады. Тесттен сүрінгендер тамыз айында ақылы түрде емтиханды қайта тапсыратын мүмкіндіктері бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.