{metadescription}
Көкшетауда ақша бопсалаған екі азамат ұсталды
Көкшетауда ақша бопсалаған екі азамат ұсталды

Көкшетауда ақша бопсалаған екі азамат ұсталды

Көкшетауда тұрғындардан телефон арқылы ақша бопсалап келген екі азамат ұсталды. Олар оңай олжа табу үшін Қарағандыдан арнайы келіпті.

Олар кез келген телефон нөміріне қоңырау шалып, өздерін полицейміз деп таныстырған. Аты-жөнін, тегін сұрап алып, телефонның ар жағындағы адамға баласының есірткімен ұсталғанын, қиын жағдайдан оны құтқара алатынын айтқан. Тұрғындар қорқып кеткені соншалық, тіпті, балаларына қоңырау шалуды да ұмытыпты. Гастролерлер 10-нан 15 мың долларға дейін қаражат талап еткен. Ақшаны курьер арқылы алдарып отырған. 31 және 36 жастағы екі күдіктінің арбауына түсіп қалған 15 жәбірленуші анықталып отыр. Екеуін де полиция жалдамалы пәтерде қолға түсірген. Қалталарынан қомақты ақша тәркіленді. Енді 5-тен 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Олар екеуі де бұрын сотталған. Көкшетауға өз көліктерімен келген және де әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалған. 31 жастағы азамат курьер қызметін атқарған. Яғни, келісілген ақшаны алып келуге барып отырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.