Алматыда автобус көпірден құлап кетті
Алматыда қаларалық бағытта қатынайтын автобус көпірден құлап, 1 жолаушы зардап шекті. Жүргізуші Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысындағы жолайрықта көлік тізгініне ие бола алмаған.
Автор: Әсем Қабылбек
01.07.2019
Жол апаты таңғы сағат 6-да болды. Сол сәтте аударылған автобустың ішінде 3 адам болған екен. Олардың барлығы дін аман. Тек 33 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Науқас әрі қарай тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық ем қабылдамақ. Кентаудан Алматыға келе жатқан автобустың жүк салғышына алма тиелген екен. Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу басталды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Болжам бойынша автокөліктің жүргізушісі ұйықтап қалуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктің ішінде 3 адам болған. Бір-бірімен ауысқан екі автокөліктің жүргізушісі және бір жолаушы. Оның ішінде автотехникалық сараптама, яғни осы жол-көлік оқиғасына әкеп соқтырған факторларды анықтау.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!