Қарағанды-Теміртау тас жолында болған апаттан қаза тапқандардың саны артты
Қарағанды-Теміртау тас жолында болған апаттан жер жастанған адамдар саны жетіге жетті. Бүгін ауруханада 38 жастағы келіншек көз жұмды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
01.07.2019
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше әлі екі адам ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның бірі 20 жастағы бойжеткен комада. Екінші зардап шеккен адамның жағдайы да ауыр . Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні Қарағанды-Теміртау бағытында екі жеңіл көлік соқтығысып, алты адам қаза тапқан еді. Алдын ала болжам бойынша, Деэуо көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, Аудиға соғылған. Екі жүргізуші мен 4 жолаушы сол жерде қаза тапты, Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!