АЭС салынбасын! Бейбіт митингке шыққандардың талабы қандай?
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тұрғындардың қатысумен митинг өтті. Бас қаланың тұрғындары саябақта жиналды. Жиынның заңға сәйкес бейбіт түрде өтуін тәртіп сақшылары қадағалады.
Автор: Әсел Тұмашқызы
01.07.2019
Ал, жиналғандар көкейде жүрген түрлі мәселелерді қөтерді. Әсіресе, көпбалалы аналардың қамы, Атом электр стансасын салмау, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыптарын қозғады. Сөз алғандар 3-4 минут ішінде пікір білдіріп, талап-тілектерін жеткізді. Бұдан бөлек, бас қаладағы «Жерұйық» паркінде «Біз біргеміз» деп ұрандатқан азаматтар жиналды. Рұқсат етілген митинг қатысушылары елді бірлікке шақырды. Сөз сөйлегендер негізінен елдің тұтастығын сақтап, әлеуметтік бағдарламаларды қолдауға шақырды. Әсіресе, шеттен жасалған арандатушылардың арам пиғылына ермеуге кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!