Арыстық оқушылар жазғы демалысын Нұр-Сұлтанда өткізбек
Арыстың балалары Нұр-Сұлтанға келді. Бүгін пойызбен жеткізілген 200-ге тарта оқушы енді жазғы демалысын осында өткізбек.
Автор: Досжан Маратұлы
01.07.2019
- Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңдер, балалар!
Жарылыстардан шошынып қалған ұл-құздарды көңілді аниматорлар мен Елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды. Ал, пойыздан түскен оқушылардың жүзінен қуаныш байқалады. Апатты бастан кешірген оларды енді қызықты демалыс күтіп тұр. Яғни, жатақханаға жатқызылатын балаларға түрлі концерттер мен Нұр-Сұлтанның көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылмақ. Демалыстың өзі 10 күн. Одан соң, Арыстан оқушылардың екінші тобы жеткізіледі. Сөйтіп, каникул аяқталғанша мыңға тарта арыстық бала бас қалада демалысын өткізбек.
Асылзат Әмірбек, оқушы:
- Барлығы бізді өте керемет күтіп алды. Керемет әуенмен жылы шыраймен күтті. Нұр-Сұлтан қаласының адамдарының бәріне рахмет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!