{metadescription}
КТК тілшілері Арыс маңайынан жарылғыш зат тауып алды
КТК тілшілері Арыс маңайынан жарылғыш зат тауып алды

КТК тілшілері Арыс маңайынан жарылғыш зат тауып алды

Қала тазарғанымен снарядтар Арыс маңайынан әлі де табылып жатыр. Олардың бірқатарына бүгін біздің тілшілер де кезікті. Ал жалпы саперлардың қала аумағынан тауып алған жарылғыш зат бөлшектерінің саны 10 мыңға жуықтаған. Ең қызығы, осындай дүрбелең шақты пайдаланып ел ішіне қауесет тарататындар да пайда болыпты.

Қала аумағы жарылғыш заттардан тазартылды десек те бұл қауіп әлі де сейілді деген сөз емес. Оған көз жеткізу үшін қаладан аттап шықсаңыз жетіп жатыр. Мәселен біз тұрған жер Арыстан шамамен 2 шақырымдай ғана қашықтық. Ал мынадай шошайған темірлерді жол бойыннан оңай кезіктіруге болады. Олардың әрине қаусаған темір екенін байқау қиын емес. Дегенмен араларында мынадай снарядтар мұрты бұзылмаған күйінде жатыр.

Бұл маңайдың қауіпті екенін білдіретін белгі де қойылмаған. Құм бетінде шошайған снаряд темірлері көзге бірден шалынады. Құлап түскен жерінде темір бұрандалар да шашылып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, жарылыс болғалы бері осы күнге дейін қала аумағынан 9753 жарылғыш зат бөлшектері табылған. Ал қала аумағынан тыс жердегі асфальт бетінде жатқан қорқынышты темір бөлшектер әлі тазаланбаған.

Марат Абсаматовтың үйі әскери бөлімге жақын орналасқан. Сондықтан жарылыстың салдарын алғашқы әрі қатты сезінгендердің бірі осы үй. Сол әдепкі қашып шыққаннан кейін бес күн өткенде ғана қайтып оралған. Қонақ бөлменің мына бұрышы опырылып түскен. Терезелерінің сау тамтығы жоқ.

Осы апат кезінде ауыр жараланған екі бала санавиациямен Елордаға жеткізілген еді. 14 жастағы бірінші бала жағдайы оңалып, қазір әдеттегі емін қабылдап жатыр. Ал екіншісі әлі жансақтау бөлімінен шықпапты.

Біржан Досмайылов, №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Екі балаға келген бетті бүкіл диагностикалық ем шараларын істедік. Содан жансақтау бөліміне жатқызылды. Бір баланың жағдайы дұрысталған соң, қазір нейрохириргиялық бөлімшеге ауыстырылды. Қазір екінші бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Арыста осы күні қайта жарылып болып кете ме деп ел құлағы елу болып отырған жайы бар. Өйткені, әбден абдыраған тұрғындар тағы да жарылыс болады деген қауесетке сеніп қалған.

Сондай қауесет таратушыларға қатысты полиция қарқынды жұмыс бастаған. Қазірге дейін 4 адам ұсталып біреуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оған 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.