{metadescription}
Арыстан тікелей байланыс: Шығын көлемі қалай есептеліп жатыр?
Арыстан тікелей байланыс: Шығын көлемі қалай есептеліп жатыр?

Арыстан тікелей байланыс: Шығын көлемі қалай есептеліп жатыр?

Арыс тұрғындары баспаналарына оралып, тәуелсіз сарапшылар үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қаншалықты бүлінгенін санауға кірісті. Қаланы жөндеу үшін аумақ-аумаққа бөліп алған 17 өңірдің әкімдіктері шығын көлемін анықтауға мамандарын жіберген.

Үйлеріне қайта оралған арыстықтар апаттан келген залалды есептете бастады. Қалаға оралған тұрғындардың саны белгісіз. Бірақ үйіне келген жұрт есік алдында шатыр құрып, құжаттарын жинауға кіріскен.

Жер жерден келген еріктілер тобы олардың баспана құжатын жинап, тіркеп, ізінше оларға бағалаушы мамандарды жібереді. Осы күндері Арыс қаласында ауа температурасы 40 градустың төңірегінде. Түскі уақыттарда 43 градусқа дейін көтерілді. Бірақ мұндағы қайнаған тіршілік оған әсте қарар емес. Еріктілер тобы осындай ағаш көлеңкесін паналап халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Мөлдір Асқарбекова, Арыс қаласының тұрғыны:

- Шығындарын бәрін несін есептетеміз ғой. Соның бәрін жөндеуге шығынын есептеуіміз керек қой. Үй жағдай болғанда терезе сынып жатыр, есіктері бәрі кетіп жатыр.

Жақсылық Бекболат, ерікті:

Перечень бар өзі каждый неде тұрған сол бойынша жеке куәлік, сосын құжаттар үйдің несін сосын сатып алу үйді, қалай сатып алу, договор приватизаций, одан кейін текуший счеті. Ерікті ретінде Қарағанды облысынан Арысқа келіп отырмыз.

Ендігісі, Үкімет жариялаған әрбір Арыс тұрғынына жүз мың теңгеден беру мәселесіне келсек, оған қажетті шамамен 4,5 миллиард теңгенің 1 миллирадтан астамын бүкіл Қазақстан халқы жинап берген. Тағы 1,5 миллиардтан астам қаражат облыс бюджетінен. Қалғанын Үкімет республикалық бюджеттен қарастырады.

Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

- Мысалы семьяда әке шешесі бар... Екі аптаның ішінде бітіреміз (аяғы).

Қарапайым халықпен бірге, жергілікті кәсіпкерлерге де қолдау шаралары қарастырылған. Атамекен кәсіпкерлер палатасы осы үшін арнайы қор ашып, оған еліміздегі жер қойнауын пайдаланып отырған ең ірі 12 компания ақша құймақ. Қазірдің өзінде 800 миллион теңге жиналған. Ол ақшаға бүлінген дүкендер, мейрамханалар, шеберхана сынды түрлі кәсіпкерлік нысандары жөнделеді.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Сіздерді толық есепке алынды... Бәріміз ақылдасып, шешім қабылдайтын боламыз.

Енді осы Арыс қаласының қарапайым тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлеріне көрсетілетін осынша қолдау шаралары қашан басталары әзірге нақты айтылмай отыр. Бірақ, шамамен бір аптаның ішінде бүкіл жер үйлер мен сол айтылған кәсіпкерлік нысандарын тәуелсіз бағалаушылар санап бітуі тиіс. Сөйтіп құрылыс компаниялары оған қажетті қаражат көлемін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.