Шілде айында дауыл соғып бұршақ жаууы мүмкін
Шілде айында барлық өңірде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында жаңбыр жауып, дүлей дауыл соғатынын мәлімдеді. Еліміздің батыс аймағына да бұршақ түсуі мүмкін.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
02.07.2019
Болжам бойынша, Солтүстікте, батыста және еліміздң орталығында шіліңгір шілдеде күн райы жайлы болмақ. Сынап бағамы күндіз небәрі + 26 градусқа шейін көтерілмек. Мұнда да жаңбыр мен бұршақ жауады деген болжам бар. Бұл Скандинавия түбегінен ығысқан салқын циклонның салдары. Сонымен қатар оңтүстік аймақтарда да аптап ыстықтың беті қайтып, нөсер жаңбыр жаумақ. Алайда, айдың ортасына қарай күн тағы шыжығалы тұр. Ал Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жел соғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!