{metadescription}
Енді инвесторлар сот төрелігін іздеп шетел аспайды
Енді инвесторлар сот төрелігін іздеп шетел аспайды

Енді инвесторлар сот төрелігін іздеп шетел аспайды

Шетелдік кәсіпкерлер мен үкімет арасында кикілжің туа қалса, төрелігін айтатын сот өз елімізде жұмыс істейді. Ол Астана халықаралық қаржы орталығының Соты мен төрелік орталығы деп аталады. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы орталықтың ғимаратын ашып берді.

Сөйтіп, бір жыл бойы ЭКСПО қалашағындағы кеңселердің бірінде отырған судьялар жаңа нысанға көшті. Ағылшын судьяларын «Төле би» атындағы залға жинаған Тоқаев, қазақ даласында сот төрелігі XV ғасырда билер сотымен басталғанын айтты. Орталық өткен жылдың қаңтарынан жұмыс істейді. Ол Астана халықаралық қаржы орталығына қарасты өзге де ұйымдар секілді тәуелсіз орган. Мұндағы сот құрамы 9 судьядан тұрады. Халықаралық дәрежелегі қазылар тараптар арасында қандай да бір кикілжің туа қалса, дау-дамайды қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде іске қосылғаннан кейін бір жылда 37 сатыға жоғары көтерілді. Осылайша, Қаржы орталықтарының беделді ғаламдық индексінде 51-ші орынға жетті. Жалпы алғанда, орталықтың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде