{metadescription}
Сағынтаевтың пәрменінен соң Сейфуллин даңғылы жезөкшелерден тазартыла бастады
Сағынтаевтың пәрменінен соң Сейфуллин даңғылы жезөкшелерден тазартыла бастады

Сағынтаевтың пәрменінен соң Сейфуллин даңғылы жезөкшелерден тазартыла бастады

Арсыздықтан арылтамыз! Алматыда әйгілі Сейфуллин даңғылы жаңа әкімнің пәрменінен кейін жезөкшелерден тазартыла бастады. Бір түнде полицейлер тәнін саудалаған 50-ден астам әйелді ұстады. 

Жеңгетайларды, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздарды шақыртуларға таситын 5 жүргізуші және оларға пәтер жалдауға көмектескендерді қосқанда 130 адам құрықталған. Оларға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік жауапқа тартылды. Жезөкшелер айыппұлмен құтылатындықтан олар арам кәсіптерін жалғастырмайтынына кепілдік жоқ. Сондай-ақ притон ұйымдастырғандар ұсталып, тәнін саудалауға жағдай жасағандарға 315 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Әкімшілік кодекстің жаңа нұсқасына сәйкес 444-ші бап көзделген. Яғни жезөкшелікпен айналысатын қыз-келіншектерді дәл сол бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Бастапқыда 5 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде айып тағылады. Егер бір жылдың ішінде бірнеше рет бұзылатын болса бұл норма, онда айып мөлшері еселей түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.