Елімізде қар барысының бірыңғай гендік зертханасы құрылуы мүмкін
Бүгін Нұр-Сұлтанда ірбісті қорғауға арналған жаһандық конференцияда табиғат жанашырлары осындай бастама көтерді.
Автор: Досжан Маратұлы
03.07.2019
Жиынға барыстар мекен ететін 12 елдің өкілдері қатысып, жойылып бара жатқан жануардың популяциясын сақтаудың жолдарын талқылады. Мамандардың айтуынша, гендік зертхана ірбісті жан-жақты зерттеп, оның саны неліктен азайып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Мәліметтерге қарағанда қазір елімізде 150-ге жуық барыс бар. Оны мамандар тауда орнатылған фототұзақтың көмегімен анықтапты. Бір қызығы осы фототұзақтарға ірбістің бағалы терісіне қызығатын браконьерлер де жиі түсіп қалады екен. Қазір олармен күрес те күшейтіліп жатыр.
Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
- Қар барысына санақ жүргізіп отыру үшін арнайы сараптау орталығы жұмыс істеп тұр. Фототұзақтар түсірген суреттердің барлығы осында келіп түседі. Браконерлік дерегі анықталса, сол бойынша да жұмыс істейміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!