{metadescription}
Алматыда ағаштардағы зиянкестер үйлердің ішіне кіріп жатыр
Алматыда ағаштардағы зиянкестер үйлердің ішіне кіріп жатыр

Алматыда ағаштардағы зиянкестер үйлердің ішіне кіріп жатыр

Алматыда ағаштардағы зиянкестер үйлердің ішіне кіріп, жағымсыз иістің шығуына себеп болуда. Бұған дейін мұндайды көрмеген тұрғындар, терезелеріне тор орнатып әлек. Жұрттың дегбірін қашырған жәндіктердің арасында елімізде бұрын соңды кездеспеген түрлері де бар. Жаз басталғалы олармен арпалысып жатқан тұрғындар ауру жұқтырамыз ба деп қауіптенуде.

Қаладағы қаптаған ағаш қандаласы тұрғындардың үйіне кіріп, үрейін ұшыруда. Бұған дейін мұндай жағдайға тап болмағандықтан, қандай дәрі қолдану керектігінен де көбісі бейхабар. Көктем өткен соң көбейе бастаған зиянкестер, аз уақыт ішінде терезелердің жақтауларына, үйдің бұрыштарына тығылып алған. Әсіресе, түнде денеңе өрмелеп, мазаңды алады дейді, Елена Каштанова. Сонымен қатар сөрелердегі жинаулы тұрған киімдердің арасына кіріп сары дақтар қалдырады екен. Енді қаптаған зиянкестерден құтылу үшін терезе алдындағы ескі ағаштардың барлығын отап тастау қажет дейді.

Елена Каштанова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен бұл қиындықтың шешімі шіріген ағаштарды кесу деп білемін. Себебі, ағаш қандаласы діңгекте ұялап көбейгендіктен, ұзақ жылдан бері тұрған талдарды құртпай, зиянкес жәндіктерден құтулы мүмкін емес.

Қаптаған зиянкестерден құтылудың жолын іздеген тұрғындардың кейбірі, биыл ағаштардың түбі ақталмағандығын алға тартты. Осының кесірінен жердегі жәндіктердің барлығы жоғарыға қарай көтерілу де дейді. Алайда, мұндай жұмыстарды пәтер иелері кооперативі жасауы тиіс деген атқамінерлер, дер кезінде жертөлелеріне тазалау жұмыстар жасамаған кооперативтерге көмектесіп жатқандықтарын жеткізді.

Олжас Жанысбаев, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бөлім басшысы:  

- Қаланың әр жерінен 87 хабарлама түсті. Аудан әкімшіліктерімен өңдеу химиялық, биологиялық препараттармен жүргізілді.

Ал, өсімдік қорғау институты мамандарының сөзінше қаладағы  ағаштардың біразының жасы 80 жылдан асқан. Олардың кейбірі тіпті бүр атпайды. Негізінен жапырақ ширатқыш, сорғыш зиянкестер мен ағаш қандаласы тал-теректердің басты жауы болып табылады екен. Сондай-ақ, сырттан келетін ағаштар арқылы бұрын-соңды елімізде кездеспеген зиянкестер де пайда бола бастапты.  

Нұржан Мұхаммадиев, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:

- Шет және көрші мемлекеттермен қарым-қатынас тығыз болғандықтан, көптеген жасыл желектер, көшеттері келеді. Солармен бізге бұрын соңды болмаған зиянкестер кіріп жатыр. Ол емен үңгігіш егеушісі, талшын мүр көбелегі және де басқа зиянкестер.

Бұған дейін ағаштарды қорғау үшін химиялық әдісті қолданып келген. Алайда, құрамында түрлі зиянды қоспалар болғандықтан, жасыл желектерге құстардың қонуы да сирей бастапты. Енді биологиялық әдісті сынақтан өткізіп, табиғатқа пайдасы мол екені дәлелденгеннен кейін, әкімдіктегілер де кеңінен қолдануға шешім қабылдапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.