{metadescription}
Алматыда 100-ден аса ойын автоматы тәркіленді
Алматыда 100-ден аса ойын автоматы тәркіленді

Алматыда 100-ден аса ойын автоматы тәркіленді

Құмар ойын құрылғыларының жұмысы ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен супермаркеттерде қызып тұр.

Ақшаға құныққан шағын дүкеннің қожайындары заң талабын пысқырмайды. Дені автоматтарды лотерея терминалы ретінде тіркеп, табысын жасырып отыр. Түбіртек бермейді. Сәйкесінше, салықты аз төлейді. Қалалық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, Алматыдағы жедел іздестіру шарасына салық органдары мен жергілікті полицейлер де жұмылдырылған. Бұл жолы аппаратты заңсыз орнатқан ғимараттың иелеріне тек ескерту жасалыпты. Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған балалардың да ойнағаны анықталды. Соңғы 2 жылда Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 88 адам сотталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде