Көлікті құжатсыз жүргізгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ
Осы жүргізушілер сияқты жол ережесін бұзғандар үшін жаза күшейтілгелі жатыр. Ішкі істер министрі әсіресе, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаратындарды қылмыстық жауапқа тарту керек деп отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
03.07.2019
Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:
- Көлік жүргізу құқынан айырылған кейбір жүргізушілер заңға бағынбай жатады. Сондықтан құжатсыз машина тізгіндейтіндерге жазаны күшейтуді ұсынамын. Бұл жолдағы қауіпсіздікті арттырады.
Қазір жүргізуші куәлігінен айырылғандар көлік тізгіндейтін болса, 25 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Енді ол екі есеге, яғни 50 мыңға дейін жетуі мүмкін. Өйткені, ережені пысқырмай, құжатсыз жүретін жүргізушілер көбейген. Олардың көбі мас күйінде рөлге отырғандар екен. Сондықтан алкогольді ішімдік ішіп екінші рет ұсталғандарға да жазаны қатайту ұсынылып отыр. Министр мұндай жауапсыз жүргізушілерді қылмыстық жазаға тарту керек дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!