Коллекторлық компанияларға өтіп кеткен қарыз кешірілмейді
Бүгін Ұлттық банк төрағасы жұрттың түсінбеушілігін тудырған осы мәселеге қатысты жауап берді.
Автор: Досжан Маратұлы
03.07.2019
Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:
- 5 миллион қарыз алған халықтың айыппұл өсімінің бәрін банктер шілденің соңына дейін кешіреді.
- Ал коллектрлық компанияларға сатылып кеткендер ше?
- Енді кеткендер кетті. Банктің қарамағаындағылармен ғана жұмыс істейміз.
Бас банкирдің айтуынша, қазір коллекторлар мыңдаған адамның несиесін мәжбүрлі түрде қайтарумен айналысып жатыр. Олардың ішінде қарызының 300 мыңы кешірілуі тиіс аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері де бар. Берешегін төлей алмағандықтан банк олардың ісін әлдеқашан коллекторларға тапсырған. Сондықтан олар жеңілдіктен қағылып отыр. Десе де, несиесін төлемегені үшін жиналған айыппұлы кешіріледі. Сондықтан олар коллекторларға негізгі қарызын бәрібір төлеуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!