Доллар қайта қымбаттап барады
Бір күнде төл ақшамыз бірден 2 теңгеге құнын жоғалтты. Ақша айырбастау пунктерінде америка валютасы 385-386 теңгеден саудалануда.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.07.2019
Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютаның әлсіреуіне сыртқы әрі ішкі факторлар әсер етті. Яғни, АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысының қайта жандануы долларды нығайтты. Сондай-ақ, елімізде болып жатқан оқиғаларға қатысты халықта девальвация болады деген үрей басым. Соған қарамастан ұлттық валюта құнын жоғалта береді деген қауіп жоқ дейді экономистер. Халықты даурықпай, ақша айырбастау орындарына жүгірудің еш қажеті жоқ деп отыр. Қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы да арзандап, бір баррелі 63 долларды құрады. Экспортқа тәуелді елдің теңгесінің курсына бұл да әсер етпей қоймайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!