Теңіздегі төбелеске қатысқандардың алды ұстала бастады
Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында болған отандық және шетелдік жұмысшылардың арасындағы қақтығысқа қатысқандардың алды ұстала басталады. Әсіресе, басты күдікті қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
03.07.2019
Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:
- Қазақстан азаматтары бар. Тергеу жүріп жатыр. Қанша адам қазір жауапқа тартылады. Оны айта алмаймын.
- Санын айтыңызшы?
- Санын айта алмаймын, заң бойынша.
- Көп пе, аз ба?
- Санын айта алмаймын деп тұрмын ғой.
Министрдің айтуынша, қылмыстық іс дене жарақатын салу және бұзақылық бабы бойынша қозғалған. Әрбір қылмыс құрамы бойынша қатысушылар әлі де анықталуда, сондықтан да олардың саны көбеюі мүмкін. Сондай-ақ, минитр Тұрғымбаев айыпталушылардың қылмысқа қаншалықты қатысы барына байланысты істің әртүрлі дәрежеге бөлінетінін де айтты. Ал, толқудан соң елдеріне кеткен иорданиялықтарды Амман қаласындағы Әлия Патшайым атындағы Халықаралық әуежайдан елдің лауазымды тұлғалары мен тума-туыстары күтіп алды. Осы елдің сыртқы істер министрі Айман Сафадидің айтуынша, елге оралған 107 Иордания азаматының 41-і жұмыстан шығарылмаған. «Теңіздегі» жергілікті жұмысшылардан зардап шектік деген олардың кейбірі, енді Қазақстанға енді мүлде аяқ баспайтынын айтты. Және қақтығысқа ливандық Эли Даудтың әлеуметтік желіге жүктеген суреті себеп болғандығын растаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!