Оңтүстік Корея емделушілерге маусымдық жеңілдіктер ұсынады
Оңтүстік Кореяның ғылыми астанасы қазақстандық емделушілерге маусымдық жеңілдіктер ұсынады. Медицина мен туризмді ұштастырған Тэджон шаһарында озық технологиямен жабдықталған ауруханалар қауіпті дерттен құлан таза айықтырып, күрделі операцияларды жасайтын мүмкіндігі бар.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.07.2019
Ал жергілікті биліктің қолдауымен шетелдік пациенттер қаланың көрікті әрі тарихи орындарын тегін аралап, кәрістердің салт-дәстүрімен жақын таныса алады.
Тэджон Оңтүстік Кореяның ғылыми-зертттеу орталықтары шоғырланған алып шаһар. Ғалымдар мекенінде 2200 аурухана мен емхана бар. Заманауи технологиямен жабдықталған емдеу мекемелеріне бас сұқсаңыз құдды бір шипажай орталығына тап болғандай күй кешесіз. Тексеріліп, күрделі операция жасатуға келген пациенттердің жан тыныштығы үшін клиникаларда барлық жағдай жасалған. Сондықтан болар дертіне дауа іздеген емделушілер осы қалаға алыс-жақын шет елден ағылады.
Пак Хан Джу, «Sun» халықаралық диагностикалық орталығының меңгерушісі:
- Біздің клиникаға АҚШ, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Ресей елдерінен жыл сайын 6 мыңға жуық адам келеді. Оның 500-ден астамы қазақстандықтар. Олардың көбісі жүрекке ота жасатады. Имплант қояды, тізе, жамбас буындарын ауыстырады. Ал әйелдер болса жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозымен операция жасайды. Әсіресе, онкологиялық ауруға шалдыққандар көп келеді.
«Son» қаладағы ең таңдаулы көпсалалы клиникалардың бірі. Аурухана әсіресе, адам ағзасын тексеруде үздіктердің қатарында. Ақ халаттылары білікті де білгір. Медициналық мекемеде ем-дом қабылдау бағасы Батыс елдерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Осы орайда, Оңтүстік Кореяда емделуді жоспарлап жүрген отандастарымызға «Smart Med Service» компаниясы бағыт-бағдар беріп, тиімді аурухананы таңдап беруге көмектеседі.
Дамира Барлықбаева, «Smart Med Service» компаниясының директоры:
- Оңтүстік Кореяда 40-тан астам клиникамен жұмыс істейміз. 2018 жылы Кореяда емделген қазақстандықтардың саны 13 мыңнан асады. Жыл сайын бұл сан өседі деп ойлаймын. Айта кетейін, Оңтүстік Кореяда Сеулден басқа медицинасы дамыған қалалардың бірі осы Тэджон. Қаланың мэриясы ауруханаларды дамыту үшін көп күш салады. Әр түрлі көрме ұйымдастырып, қалаға келген емделушілерге ақысыз экскурсия жасап, осындай мүмкіншіліктер береді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар емделіп қана қоймай Корея халқының тұрмыс-салтымен етене таныса алады. Бұл емделушілерге арналған ең басты жеңілдік. Яғни, жат жерде жүргендерді аурухана ұжымы мен қалалық мэрия өкілдері тарихтан сыр шертетін императорлар үйіне, жасыл желегі жайқалған саябаққа, құнды жәдігерлер жинақталған мұражайға және қаланың өзге де көрікті жерлеріне тегін аралатады.
Нұрбек Нұртаза, турист:
- Тэджон өте жақсы қала. Шаһарды аралап, керемет әсер алдық. Ауруханаларға экскурсия жасап, жаңа құрылғыларды көрдік. Бұл салада аталмыш ел көп мемлекеттен озып кеткен деп айта аламын. Медициналық туризіміне жоғары баға беремін.
Екі ел арасындағы визасыз тәртіп басы ауырып, балтыры сыздап жүрген отандастарымызға тамаша мүмкіндік. Сондықтан маусымдық жеңілдіктерден құр қалмай, медициналық туризмі дамыған Тэджон қаласында ем-дом қабылдаңыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!