Бір түнде Талғарда 2 әйел зорлана жаздады
Осы жағдайлардан кейін Алматы облысындағы бұл шағын кенттің тұрғындары үрей құшағында отыр. Бірінші жағдайда: 30 жастағы әйелді 44 жастағы такси жүргізушісі жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болған. Екіншісінде: 19 жасар бойжеткен 28-дегі азғынның құрбанына айнала жаздады. Оның жанұшыра айғайынан сасқан қаскөй қызды босата салған.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.07.2019
Серік Үпиев, Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі:
- Осы екі дерекке қатысты қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ екі күдіктінің бұдан өзге басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда.
Абырой болғанда екеуінің де денсаулығына нұқсан келмеген. Ал екі азғын қазір қамауда. Күдіктінің бірі қала мен ауыл арасына такси боп нәпақасын тауып жүрген. Ал, екінші қаскөй көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Арам пиғылды адамдардың бұлай еркінсуіне Талғар көшелерінің жарықтандырылмауы себеп дейді тұрғындар.
Айгүл Әубәкірова, Талғар қаласының тұрғыны:
- Қорықсаң да отырасын таксиге. Қыздар да отырады. Сабақтан келгенше кеш батады.
Наталья Багданова, Талғар қаласының тұрғыны:
- Көшелер түнгі уақытта қараңғы. Сондықтан да қала мен ауыл арасына таксимен жүруге кейде қорқамыз. Тіпті қорғанатын заттар алып жүру керек сияқты. Өйткені қалада осындай азғындар әсіресе қыздарға қауіпті төндіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!