{metadescription}
Алматыда митинг ұйымдастыруға дайындалған 4 азамат қамауға алынды
Алматыда митинг ұйымдастыруға дайындалған 4 азамат қамауға алынды

Алматыда митинг ұйымдастыруға дайындалған 4 азамат қамауға алынды

Алматыда 6-шы шілде күні заңсыз наразылық шарасын ұйымдастыруға дайындалған 4 азамат ұсталды. Бастапқыда Жазира Демеуова, Оксана Шевчук, Гүлнәр Жаукерова, Әнуар Әшірәлиев үй қамаққа алынған болатын. Алайда олардың баспаналарын тінту кезінде тиым салынған заттар табылды.

Атап айтқанда: митингқа қатысушыларға төлеуні тиіс ақша, жарылғыш заттарға ұқсас құрылғылар, түтіндету құтылары, респираторлар, дауыс зорайтқыштар, газ баллондар мен экстремистік мазмұндағы плакаттар тәркіленген. Сондықтан оларды абақтыға жабуға тура келген. Енді ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 405-і бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған байланысты полиция департаменті егер қандай да бір заңсыз митинг бола қалған жағдайда қала тұрғындары мен қонақтары тәртіп сақшыларының ескертуіне бағынып, оқиға орнын айналып өтуге шақырды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Митинг акциялары кезінде қарапайым азаматтар ұсталмайды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жатқан полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамаса, ескертуін елемесе онда міндетті түрде ұсталады. Ол күдік тудырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде